Атырау, 19 мамыр 13:15
 дождьВ Атырау +22.3
$ 467.58
€ 543.66
₽ 6.44

Каспийдегі итбалықтардың қырылуы: су сынамаларының нәтижесі жарияланды

100 рет қаралды

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында қызыл кітапқа енген каспий итбалықтарының жаппай қырылуына байланысты зерттеу жүргізілді, деп хабарлады lada.kz.

10–11 мамырда Баутино ауылы маңындағы жағалаудан 37 өлі итбалық табылды. 

13 мамырда облыстық экология департаментінің зертхана мамандары теңіз суынан сынама алып, ықтимал улану нұсқасын тексерді. 

19 мамырда департамент: «Химиялық талдау нәтижесінде теңіз суының құрамынан ластаушы заттар анықталған жоқ» деп хабарлады.

Бұған дейін мамандар ықтимал себептердің бірі ретінде табиғи сұрыпталуды атаған болатын. Қазіргі таңда зерттеулер жалғасып жатыр.

Бүгін, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.