Атырау, 15 мамыр 19:53
 дождьВ Атырау +27.3
$ 474.04
€ 555.01
₽ 6.45

Atyrau Marathon-ға байланысты жолдар уақытша жабылады

110 рет қаралды

Атырау қаласында 17 мамыр күні өтетін Atyrau Marathon марафонына байланысты бірқатар көшелерде қозғалысқа уақытша шектеу қойылады.

  • Сөре: таңғы сағат 07:00-де Құрманғазы көшесі, 12 мекенжайынан басталады.
  • Бағыт: Әбілхайыр хан даңғылы бойымен жалғасып, Әбілхайыр хан даңғылы мен Сұлтан Бейбарыс даңғылы қиылысынан айналып өтіп, Қабдырахман Ерниязов көшесі арқылы мәреге жетеді.
  • Мәре: INFINITY сауда үйі маңында.
  • Жол қозғалысы: көрсетілген бағыттарда сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін уақытша жабық болады.

Қала әкімдігі тұрғындар мен жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды ескертті.

Бүгін, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.