Атырау, 15 мамыр 16:00
 дождьВ Атырау +28.3
$ 474.04
€ 555.01
₽ 6.45

Жайық-Каспий бассейнінде 7 тонна балық тәркіленді

119 рет қаралды

Қазақстанда «Бекіре-2026» атты кең ауқымды акция жалғасуда. Ол Жайық-Каспий бассейніндегі бекіре және басқа да балық түрлерін сақтауға бағытталған.

1 сәуірден басталған шара 31 мамырға дейін жалғасады. 14 мамырға дейін инспекторлар құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп 912 заң бұзушылықты анықтап, тоқтатты. Әкімшілік жауапкершілікке 677 адам тартылды.

Браконьерлік пен сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар балық түрлерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша 26 қылмыстық іс қозғалды. Бұзушыларға 18,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Заңсыз айналымнан 7 тонна 237 кг балық тәркіленді, оның ішінде 444 кг – осетров тұқымдастар. Сонымен қатар 3 кг 274 г бекіре уылдырығы, 102 аулау құралы және 73 жүзу мен көлік құралы алынды. Күнделікті тралдау барысында өзен арналары мен теңіз акваториясынан 835 заңсыз аулау құралы шығарылды.

Ақпараттық сүйемелдеу аясында 311 баспасөз және интернет материал жарияланып, 30 теледидарлық және 3 радиохабар жасалды.

Бүгін, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.