Атырау, 13 мамыр 19:36
 дождьВ Атырау +30.2
$ 463.91
€ 544.63
₽ 6.26

Атырауда қыздарға көшеде тиіскен ер адам қамауға алынды

77 рет қаралды

Атырауда полиция қыздардың шағымынан кейін ер адамды ұстады. 

Бұған дейін Threads желісінде жарияланған бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тараған еді.

Қыздардың айтуынша, 11 мамыр күні кешкісін олар тротуарда сөйлесіп тұрған кезде белгісіз ер адам жақындап келіп, бірін бөксесінен шапалақтап өткен. Ескерту жасағаннан кейін ол қыздарды «өздерің провакация жасадыңдар» деп айыптаған.

Әлеуметтік желі қолданушыларын ерекше ашуландырған жайт — қыздардың бірінің жүкті болуы. 

Кейін зардап шеккендер оқиғаның видеосын жариялап, ер адамның әрекетіне назар аударуды сұрады. Олар келесі жолы мұндай жағдай ересек қыздардың емес, баланың басынан өтуі мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірді.

«Ақ Жайық» редакциясы оқиға жарияланғаннан кейін Атырау облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Полиция күдіктінің жеке басы анықталғанын хабарлады.

Қоғамдық орында бұзақылық әрекет жасаған 36 жастағы қала тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Оған қатысты жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданады, — деп хабарлады Атырау полиция басқармасы.

Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырып, құқық бұзушылықтар туралы «102» нөміріне хабарлау қажеттігін еске салды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.