Атырау, 13 мамыр 19:24
 дождьВ Атырау +30.2
$ 463.91
€ 544.63
₽ 6.26

​Атырауда жасөспірімнің көлік жүргізген видеосы тұрғындардың наразылығын тудырды

124 рет қаралды

TikTok-та тараған бейнежазбада кәмелетке толмаған бала Атырауда автокөлік жүргізіп келе жатқан сәті түсірілген. Кадрларда ол көлікпен келіп тоқтап, кейін туған күн тортындағы санды 11-ден 12-ге ауыстырады.

Бұл видео әлеуметтік желі қолданушыларын ашуландырды. Қала тұрғындары полициядан шара қолдануды сұрады.

Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты әрекет еткенін хабарлады. 10 мамыр күні көлік иесіне ҚР ӘҚБтК 612-5-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Ал жасөспірім ювеналды полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Құқық қорғаушылар кәмелетке толмағандардың көлік жүргізуі өздері үшін де, басқа жол қозғалысына қатысушылар үшін де үлкен қауіп төндіретінін еске салды.

Бүгін, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.