
6 мамыр күні Ақтөбе–Атырау–Астрахань республикалық маңызы бар тасжолының 547-шақырымында жол ережесін өрескел бұзу дерегі тіркелді.
Полиция дрон арқылы жүргізген бақылау кезінде Toyota Camry көлігінің жүргізушісі үздіксіз сызықты кесіп өтіп, «Басып озуға тыйым салынады» белгісін елемей, қарсы бағытқа шығып кеткені анықталды.
Көлік тоқтатылып, жүргізушімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл әрекет қызметтік бейнежетонға жазылды.
Құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері дрон көмегімен жол ережесін бұзудың 100-ге жуық дерегі тіркелген.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол белгілері мен таңбаларын қатаң сақтауға шақырады. Қарсы бағытқа шығу — ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болатын ең қауіпті заң бұзушылықтардың бірі.
В Атырау -10