Атырау, 25 маусым 02:22
 дождьВ Атырау +26.3
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Құлсарыда ​«ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза болды

692 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

«ҚазТрансОйл» Акционерлік қоғамы қызметкерінің жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқанын тастады. 

Ресми жауапқа «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар департаментінің директоры А.Қабылов қол қойған.

Компанияның хабарлауынша, қазір оқиғаның себептерін жан-жақты әрі мұқият тергеп-тексеру мақсатында құзыретті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс атқарылып жатыр.

- Аталған оқиға фактісін растаймыз. Компания қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетіп отыр. Тергеу аяқталғанға дейін аталған жазатайым оқиғаға қатысты толық мәлімет жария етілмейді, – деп жазылған жауапта.

«ҚазТрансОйл» АҚ марқұм қызметкердің кім болғаны және мекемеде қанша жыл еңбек еткені, жол-көлік оқиғасы қандай жағдайда орын алғаны туралы ақпаратты ашып айтпады.  

Айнұр САПАРОВА

12 мамыр, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.