
15 мамыр мен 15 маусым аралығында Атырау облысында өзен бойында әуесқойлық және спорттық балық аулауға уақытша тыйым салынады.
Шектеулер балықтың уылдырық шашу кезеңіне байланысты енгізіліп отыр.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының хабарлауынша, бұл тыйым ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйымдар енгізу туралы» №78 бұйрығына сәйкес жыл сайын қолданылады.
Шектеулер тек Жайық өзенінің учаскелеріне ғана емес, оның арнасымен жалғасқан Приморский мен Зарослый каналы, Бақсай және Безымянный каналдарына да қатысты.
Сондай-ақ, тыйым Махамбет және Индер аудандарының басқа да су айдындарына қолданылады.
Инспекция өкілдері уылдырық шашу кезеңінде «кешкісін қармақпен отыру» әрекеттері әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -10