AZATTYQ.ORG «”Сириядағы жиһадшы 150 қазақ” әлеуметтік желіні тіксінтті» -YouTube-те жарияланған «Сирияға жиһад жасауға барған 150 қазақ» туралы материал қызу талқылана бастады.
«Салықтан қашып двигатель күшін «азайту» басталды» - Қуаты 3.0-ден асатын қозғалтқышты көлік иелері техникалық құжаттағы мәліметті заңсыз жолмен болса да, өздеріне тиімді етіп өзгерту жолын тапқандарын айтады.
SERKE.ORG. «Тәжиннің құпия тапсырмасы қазақ газеттерін әбігерге салды» - «Нұр Отан» сиезінің алдында, бейсенбі күні мемлекетке қарасты газеттер, оның ішінде «Нұр Медиаға» қарасты газеттер де бар, әбігерге түсіп шала бүлінді.
«Қазақ баспасөзі «тоқалдан» туды ма?» - Басқа елді қайдам, өз жерінде, өз отанында қазақ баспасөзінің күні қазақтың тіліне ұқсас - өгей баланың күнін кешеп жүр.
ALASHAINASY.KZ. «Екпеге енжар қараймыз ба, әлде емге балаймыз ба?» - «Ауруға қарсы екпенің пайдасы бар ма, зияны қандай?» деген сұрақтың әзірге басы ашық. Дәрігерлер вакцина арқылы адамзатты аман сақтап қалуға болады десе, скептиктер оған сенбейді.
«Мемлекеттік қызметкерге әдеп әліпбиін кім үйретпек?» - Әріден қозғайтын, әдептен озбайтын шенеунік қайда бар? Шен тағып, шекпен жамылғандар өздерін халықтың қызметшісі емес, оның билеушісі ретінде санауы тыйылар емес.
«”А” корпусы элиталықты емес, халыққа қызметті білдіреді» - Мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар аясында іріктеуден өтіп, сынақ арқылы жасақталған «А» басқару корпусын құру аяқталып қалды.
HALYKSOZI.KZ. «Наурызбаеваның кеткені Нокинге сабақ болса игі» - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» төңірегіндегі шу қарапайым халықтың ортасынан көтеріліп Парламент дәліздеріне дейін жеткен-тұғын. Ақыры бұл іске Президенттің өзі көз салған соң жинақ банкінің басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева ханым орынтағын тапсырып тынышталды.
«Кемелұлының келуі тегін емес» - Күтпеген жерден БҰҰ бас хатшысының орынбасары қызметiне тағайындалып, үлкен миссия арқалап Женеваға кеткен Қасым-Жомарт Тоқаев елге қайтып оралды.
«Бір рет емес, күнде тепкілеп отыру керек шығар» - Аса жоғары лауазымдағы шенеуніктердің бүгінгі күнге дейінгі жұмыстарына көңілі толмаған Мемлекет басшысы таяуда өткен кеңейтілген үкімет отырысында жеке-жеке тұрғызып, бұлтартпас дәлел, нақты мысалдармен іреп-іреп алғанын «көк жәшіктің» алдында телміріп отырғандардың бәрі көрді.
«Ұрпағымызға у егіп жатырмыз ба?» - Павлодар облысына қарасты Майқайың ауылындағы оқыс оқиғадан кейін жатыр мойнының қатерлі ісігіне қарсы жаппай вакцина егу жұмыстары тоқтатылды.
JASQAZAQ.KZ. «Қазақ көшіне қара бұлт төнді» - Шетелде мекен етіп жатқан 5 миллион қазақтың елге оралуына кедергі көбейіп келеді.
«Банкті бопсалағандар темір торға тоғытылды» - Кезінде «Kaspi» банк басшысымен қызметтес, серіктес болған адамдар, жолдасына ор қазбақ болып, арамниетке жол беріп еді, енді апанға өздері түсіп кетті.
ZHASALASH.KZ «Баспаналы болам десең, әрi тиiмдi, әрi қолжетiмдi шарттарға жүгiн» - Бүгiнде баспана мәселесi толғантып жүрген жұрт жетерлiк. “Басқа түссе баспақшыл”, әркiм бұл мәселенi әрқилы жолмен шешедi. Бiрi ағайын-туыстарының көмегiне жүгiнсе, бiрi банктен несие алып жатады.