
Атырау облысында 1–3 мамыр аралығында мотокөлік жүргізушілерінің тәртібін бақылауға бағытталған «Мопед» жедел‑профилактикалық іс-шарасы өтті.
Полиция департаментінің дерегінше, үш күн ішінде 100-ден астам құқық бұзушылық анықталып, 62 мопед айып тұрағына қойылды.
Көлік жүргізу құқығы жоқ тұлғаларға қатысты 46 дерек тіркеліп, тиісті шаралар қабылданды. Мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ көліктердің 31 жағдайы анықталды.
Сонымен қатар, мас күйде көлік басқарудың 4 дерегі тоқтатылып, құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК‑нің 608-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтаудың әрбір азаматтың өмірі мен қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтті. Қауіпсіздік талаптарын елемеу орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
Әкімшілік орган ата-аналарға да үндеу жасады: балалардың мопед немесе өзге көлік құралдарын басқаруына жол бермеу және олардың жол ережелерін қатаң сақтауын қадағалау қажет. Бала өмірі мен денсаулығы – ата-ананың басты жауапкершілігі екені ескертілді.
В Атырау -10