Атырау, 5 мамыр 13:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15

Атырауда заңсыз айналымнан 4 тоннадай балық тәркіленді

113 рет қаралды

Полиция мәліметінше, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре–2026» іс-шарасы басталғалы балықтың заңсыз айналымына байланысты 152 құқық бұзушылық анықталды. 

Оның ішінде 7 дерек бойынша күдіктілердің әрекеттерінде қылмыс құрамы анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, 19 балық аулау құралы мен 10 су көлігі тәркіленді.

Анықталған құқық бұзушылықтар нәтижесінде жалпы салмағы 3 тонна 771 келі балық өнімдері, оның ішінде 148 келі бекіре тұқымдас балық және шамамен 1 келі бекіре уылдырығы тәркіленді. Тәркіленген өнімдер «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылды.

Еркінқала елді мекені тұсындағы Каспий теңізіне шығу аймағында және Жайық өзені бойындағы «Пешной» бекетінде мобильдік топтар құрылды. Сонымен қатар, Еркінқала, Дамба, Алғабас елді мекендерінің айналма жолдарында автокөлік қозғалысына бақылау күшейтілді.

Атырау–Ақтөбе–Астрахань тас жолында патрульдік полиция қызметкерлері Газель автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүк бөлігінен 3 тонна 278 келі қапталған көксерке балығын анықтады. Аталған дерек бойынша материалдар Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына жолданды.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.