Атырау, 30 сәуір 16:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15

Ержан Бабақұмаровтың өлімі бойынша айыпталушы 11 жылға сотталды

113 рет қаралды

Астанада Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты сот үкімі шықты. 

Сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша — «кісі өлтіру» қылмысына кінәлі деп танып, оны 11 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады.

Үкім заңды күшіне енді.

Іс жабық режимде қаралғандықтан, сот процесінің егжей‑тегжейі жария етілмеді.

Еске сала кетейік, Ержан Бабақұмаров 2025 жылғы 30 қазанға қараған түні танысымен болған жанжал кезінде қаза тапқан.

Ол 1969 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген, саясаттану ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болған.

1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Президент әкімшілігінде, Үкіметте және басқа да жетекші лауазымдарда қызмет атқарған.

2019–2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған.

Бүгін, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.