Атырау, 5 желтоқсан 10:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада кісі қолынан қаза тапты

277 рет қаралды
Сурет: Informburo.kz
Сурет: Informburo.kz

Бұл туралы Nege.kz редакцияға түскен деректерге сүйеніп хабарлады.

"Түнде Астанада Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров соққыға жығылған. Ол алған жарақаттарынан қаза тапты", - делінген  хабарламада.

Azattyq Rýhy ақпараты бойынша, қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды», - деп мәлімдеді Астана қаласының полиция департаменті.

Күдікті ұсталған, қазір уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР президентінің кеңесшісі болған.


30 қазан, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.