Атырау, 30 сәуір 15:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15

БАӘ ​картельден кеткен соң ​ОПЕК+ жеті ел мұнай өндірісін арттыруы мүмкін

84 рет қаралды

ОПЕК+ елдері Біріккен Араб Әмірліктерінің картельден күтпеген жерден шығуына байланысты мұнай өндіру жоспарын қайта қарастыруға дайындалып жатыр. 

Reuters дерегіне сүйенсек, жексенбі күні өтетін кездесуде жеті мемлекет өндіріс квоталарын арттыруға келісуі ықтимал.

Алайда жалпы көлем бастапқы жоспардан аз болуы мүмкін, себебі ОАЭ мүшеліктен шыққаннан кейін оның үлесі (тәулігіне шамамен 18 мың баррель) есепке алынбайды. Бұған дейін сегіз ел маусым айында тәулігіне 206 мың баррельге дейін арттыруды жоспарлаған еді.

Сарапшылардың айтуынша, өндірісті нақты ұлғайта алатындар санаулы ғана мемлекет. Негізгі кедергі – Ормуз бұғазы арқылы жеткізілім мүмкіндігінің шектеулігі.

Дереккөздер келісімге қол жеткізу ықтималдығы жоғары екенін айтқанымен, түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Барлық ақпарат анонимді түрде берілген.

Айта кетейік, Қазақстан да ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің бірі және әлемдік энергетикалық нарықты тұрақтандыру үшін үйлестірілген әрекеттердің маңыздылығын бірнеше рет атап өткен.

Бүгін, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.