Атырау, 30 сәуір 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15

Атырау колониясындағы өлімнен кейін 12 қызметкер жазаланып, басшысы орнынан алынды

110 рет қаралды

ҚР ІІМ ҚАЖК «№15 мекеме» РМК дерегінше, қызметтік тексеріс барысында қызметкерлердің жұмысында заң бұзушылықтар анықталған.

Барлығы 12 қызметкерге жаза қолданылды: алтауы қатаң сөгіс алды, біреуіне сөгіс берілді, тағы біріне «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жасалды. 

Еске салсақ, 22 наурызда 52 жастағы сотталған азамат камераластары арасындағы жанжалдан кейін қаза тапқан еді.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұдан бөлек мекеме қызметкерлеріне қатысты ҚК 370-бабының 4-бөлігі («қызмет бойынша әрекетсіздік») бойынша бөлек тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін прокуратура колонияның жедел-режимдік жұмысында заң бұзушылықтар анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуды талап еткен еді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.