Атырау, 30 сәуір 14:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15

Индерборда жанжалдың соңы атысқа ұласты: бір адам жараланды

128 рет қаралды

27 сәуір күні Индербор кентінде болған жанжалдың соңы атысқа ұласқан. Бейресми ақпарат бойынша 30 жастағы жігітке ауласында трамватикалық қару қолданғандар бой тасалап қашып кеткен.

Кейін полиция бағыттама жариялап, күдікті деп табылған кент тұрғындары 2003 және 2004 жылғы ағайынды екі адамды ұстап қамауға алған. 

Ал жәбірленушіге аудандық ауруханада ота жасалып, хирургия бөлімінде ем берілуде. 

Әзірге бұл оқиғаға байланысты полиция ресми ақпарат бермеді. 

UPD: Атырау облыстық полиция департаменті күдіктілердің анықталып, қамауға алынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.