Атырау, 28 сәуір 17:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13

Жатыр мойны обырының алдын алу: Атырауда екпе қарқыны артты

87 рет қаралды

Атырау облысында қыз балалардың денсаулығын қорғау және онкологиялық аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілді. 

Жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі саналатын адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау науқаны қарқын алып отыр, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Былтыр өңірде 11–13 жас аралығындағы 5341 қыз бала АПВ-ға қарсы екпе алып, профилактикалық шаралармен қамтылған. Жалпы, 2024–2026 жылдар аралығында облыста 7900-ге жуық қыз бала вакцинамен қамтылды.

Дәрігерлердің айтуынша, 11–13 жас аралығы екпе алу үшін ең қолайлы кезең болып саналады. Себебі дәл осы уақытта ағзада вирустың қауіпті түрлеріне қарсы тұрақты иммунитет тиімді қалыптасады.

Мамандар АПВ-ға қарсы вакцинация жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі екенін атап өтіп, ата-аналарды қыз балаларын уақытылы екпе алуға шақырады.

Бүгін, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.