Атырау, 28 сәуір 16:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13

«Теңізшевройл»-ға​ шығарындылар үшін​ 53,7 млн теңгеге айыппұл салынды

93 рет қаралды

Атырау облысында «Теңізшевройл» ЖШС-не ластаушы заттардың шығарындылары бойынша белгіленген нормативтерді асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Облыстық экология департаментінің хабарлауынша, заңбұзушылық фактісі түскен құжаттар негізінде анықталған. 

Осыдан кейін компанияға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес іс қозғалды.

Материалдар Жылыой аудандық сотына жолданып, 2026 жылғы 20 сәуірдегі сот қаулысымен «Теңізшевройл» кінәлі деп танылды.

Компанияға 53,7 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Бүгін, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.