Атырау, 28 сәуір 12:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13

Атырауда СМП-да көп қатарлы тұрғын үйде өрт шықты

73 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Атырауда өрт сөндірушілер түтінге оранған көпқабатты үйден екі адамды құтқарды. Құтқарылғандардың арасында мүмкіндігі шектеулі егде жастағы азамат бар, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға СМП-136 мөлтек ауданында болған. Бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындардың көбі ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген. Алайда, подъездегі қою түтіннің салдарынан екінші қабаттағы пәтерде екі адам қамалып қалып, сыртқа шыға алмаған.

«Құтқарушылар 1953 жылы туған ер адамды көтеріп алып шығып, 1973 жылы туған әйелді сыртқа шығарды. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының дер кезінде жасаған әрекетінің арқасында тұрғындар зардап шеккен жоқ», — деп хабарлады ведомстводан.

Белгілі болғандай, бесінші қабаттағы пәтердің ас үйінде жиһаз өртенген. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды қысқа мерзімде ауыздықтап, жалынның көрші бөлмелер мен пәтерлерге жайылуына жол бермеді.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Бүгін, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.