
Атырау қаласында Жайық өзені үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінен қыздың секіргені туралы хабарлама бүгін 112 пультіне түсті.
Өзен жағасында орналасқан құтқару бөлімшесі заманауи Marlin құтқару қайығымен дереу оқиға орнына шықты. Шамамен 4 шақырым қашықтықты 4 минутта еңсерген құтқарушылар су бетінде көпірден 800 метр қашықтыққа ағыс алып кеткен қызды байқап, дереу әрекет етті.
Құтқарушылардың бірі суға секіріп, қызды ұстап тұрды. Кейін әріптестері құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де қайыққа көтерді.
2011 жылы туған бойжеткен жағаға жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
В Атырау -10