AZATTYQ.ORG «Ресми инфляция мен нақты инфляция» - Нақты құнын жоғалтқан теңге біртіндеп құнсызданып барады. Жылына 5-10 пайызды құрайтын «сырғымалы» инфляция қарапайым азаматтардың қалтасын жұқартады.
«Лукашенконың оқыс сөздері цензураға ілінеді» - Беларусь президенті Лукашенко мен большевиктер көсемі Лениннің ұқсас жері - цензура. Олардың сөздерін өздері құрған режим кесіп тастайды.
«”Құлдыққа түскендер әділдіктің барына сенбейді”» - Халықаралық ұйым есебі бойынша Қазақстанда 44 мың адам құлдыққа салынған. Жергілікті сарапшы елде адам саудасы фактілерінің басым бөлігі жасырын күйі қалатынын айтады.
«БАҚ айыпталушы Хайыровты әлден-ақ «кісі өлтіруші» деп атады» - «Іле Алатауы паркіндегі қырғынға жауапты террористік топ басшысы» деген күдікке ілінген адам шекараны заңсыз кесіп өткенін ғана мойындайды. Жоғарғы сот оны «кісі өлтіруші» деп атамауға шақырды.
ABAI.KZ. «Алаш тілі қайткенде ақпарат тіліне айналмақ?...» - Ақпараттық кеңістік цифрлану үстінде, дәлірегі ол Электрондық кеңістікке айналуда. Жаңалыққа жаны құмар қазақтар жаппай жаһандық үрдіске бет қойды – жасы да, жасамысы да жаһандық желідегі ақпараттың алым-беріміне сүңгуде.
ZHEBE.COM «Ел болам десең беліңді түзе» - Кешегі Кеңестің пуритандық саясатының салдары ма, әлде біз сондай ұялшақ халықпыз ба, әйтеуір бұл қазақы БАҚ-та бағы ашылмаған, бір шыр бітпеген тақырып.
MAIDAN.KZ. «Тышқан құрлы құнымыз жоқ... – дейді «гептил апатынан» зардап шеккен жұрт» - Біз кездестірген кісілердің дені сау бірі жоқ, барлығы ауру. Ең сау дегендері денесінің өз-өзінен қыши беретінін немесе шашының көптеп түсе бастағанын байқаған.
«”Жаңа келген биліктің бұрынғы билікті жоққа шығаруы бұрыннан бар нәрсе”» - Есенғали Раушанов- қоғамдағы түрлі жағдайларға қатысты көкейдегі ойларын өткір айтып жүрген қаламгер. Бірақ ол өзін саясаткер де, қайраткер де емеспін деп санайды.
«“Ұлтқа қарсы әрекет еткендер ұлт алдында жауап береді әлі!”» - Тарихымызға, ұлтымыздың тағдырына байланысты жағдайларды бақылап отырған адам ретінде менің байқағаным және айтарым – сырттан келетін қазақтарды құқықтық шектеу әсіресе Мәсімовтың тұсында күшейіп кетті.
AIKYN.KZ «Бізге білім парламенті керек» - Расында, ол немесе басқа да жанашыр ұстаздар, ғалымдар көтеріп жүрген ойлар мен пікірлер Білім және ғылым министрлігінің департаменттеріндегі терең «ойпаттарда» көміліп, жарыққа шықпай не зерттелмей қалып қойып жататыны шындық.
«Біртүрлі адамдар...» - «Маңдайға не жазса, соны көресің». Қазақ тәмсілінің бұл даналығына адам баласы барған сайын көз жеткізгендей. Бай да, бұқара үшін де жазылмаған ортақ бір заңдылық бар. Пешенеге жазылғаннан ешқашан қашып құтыла алмайсың.
SERKE.ORG. «”Дауылдың дүбірі” - Қай елдің де келешегі – жастар». - Жаратқан Иеміздің өзі қалыптастырған бұл ақиқат заңдылықты ешкім бұза алмайды. Яғни, жастар қандай болса, елдің болашағы да сондай...
ALASHAINASY.KZ. «Келіндер мектебі керек пе?» - Техника мен технологияның дамыған заманында ұлттық құндылықтарымыздың мәні жоғалып бара жатыр. Бұл сөздердің жаны бар. Мысалы, келін болу – санамыздан ажырап бара жатқан құндылықтардың бірі.
SHYN.KZ. «Айтып келген ажал» - «Гептил» дегеніңіздің бір жақсы жері бар. Ол ажал секілді барынша әділ, адам таңдамайды, ауаға таралған соң хансың ба, қарасың ба, байсың ба, кедейсің бойына сіңіп алып, уақыт өте өз дегенін жасайды.
«Әупи немесе әр қазақ менің жалғызым ба?» - Ақын Сабыр Адайдың «Әр қазақ менің жалғызым» деп қалың қазақты дүр сілкіндіргені бар. Керемет сөз! Көрші қытаймен салыстырар болсақ, ат төбеліндей ғана қазаққа нағыз керек сөз.