Атырау, 15 мамыр 10:52
 дождьВ Атырау +22.8
$ 474.04
€ 555.01
₽ 6.45

Атырауда бірнеше ықшамауданда ыстық су уақытша тоқтатылады

389 рет қаралды

«Атырау жылу жүйелері» ЖШС күрделі жөндеу жоспар-кестесіне сәйкес жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру (ревизия) жұмыстарына кірісетінін хабарлады. 

Осыған байланысты 2026 жылғы 27–30 сәуір аралығында қаладағы бірқатар мекенжайларда ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Шектеу келесі нысандарға қатысты:

  • «СМП-136» орталық жылу бөлу пунктінен – СМП-136: 1, 2, 3, 4, 5, 6, (7–7а), 8;
  • «Аманшина» орталық жылу бөлу пунктінен – мкр. Аманшина: 72, 74, Абдрахманова: 39, С.Бейбарыс: 38, 40, 42;
  • «№9» орталық жылу бөлу пунктінен – Авангард 4 мкр: №3а, 3б, 4а, 9, 9а, 10, 10а, 11, 12, 12б, 13, 13а, 14, 14а, 14б, 15, 15а, 16, 21, 21а.

Компания тұрғындардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

24 сәуір, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.