Атырау, 23 сәуір 19:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14

​Атырау облысында тозығы жеткен спорт кешенін жүздеген миллионға сатып алу тоқтатылды

93 рет қаралды

Атырау облысының Жылыой ауданында прокурорлар 389 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді.

Қадағалау органының мәліметінше, аудан әкімдігі бюджет қаражатын жоспарлау кезінде заң талаптарын бұзған. 2025 жылғы 17 желтоқсанда аудандық бюджет комиссиясы спорт кешенін сатып алуға 389 млн теңге бөлуді мақұлдаған.

Тексеру барысында прокурорлар сатып алынбақ нысанның тозығы жеткенін анықтады. Мұндай жағдайда ғимаратты алғаннан кейін оны жөндеуге қосымша қаражат қажет болар еді, бұл бюджетке қосымша, екі еселенген шығын әкелуі мүмкін еді.

Прокуратура мұндай жобаның бюджет қаражатын ұтымды жоспарлау және тиімді пайдалану қағидаттарына қайшы келетінін атап өтті. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде комиссияның шешімі күшін жойып, 389 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Қадағалау органы бюджет заңнамасының сақталуы ерекше бақылауда тұрғанын хабарлады.

Бүгін, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.