Атырау, 23 сәуір 15:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14

​Құлсарыда балалар анасын құтқарып қалды

Бейнежазба
88 рет қаралды

Атырау облысының Құлсары қаласында балалардың қырағылығы мен полицияның жедел әрекеті әйелдің өмірін аман алып қалды әрі ықтимал жарылыстың алдын алды.

Оқиға 22 сәуір күні кешкісін болды. Аулада жүрген балалар үйлеріне кіре алмай, полицияға хабар берген. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары подъезден газдың өткір иісін сезіп, көршілер де қауіптің барын растады.

Іште адам болуы мүмкін екенін түсінген полицейлер есікті жедел бұзып кірді. Пәтерден ес-түссіз жатқан әйел табылып, оны көтеріп сыртқа шығарып, қызметтік көлікпен дереу ауруханаға жеткізді.

Кейін белгілі болғандай, асүйде газ плитасының конфоркалары ашық қалып, пәтер газға тола бастаған. Полицейлер үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, газ-апаттық қызметін шақырды. Қазір оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Бүгін, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.