
Ескі Қаратон қорымының аумағында адам сүйектері шашылып жатыр.
Кадр сыртында сөйлеген ер адамның айтуынша, бұл қорым ХХ ғасырдың басына тиесілі.
Бейнежазбада адам сүйектері, соның ішінде бас сүйектер мен өзге де сүйектердің ашық жатқанын көруге болады. Автордың сөзінше, бұл құбылыс құмның көшуі салдарынан ашылып, олардың жер бетіне шығып қалуы мүмкін.
Учаскеде жерге қағылған құлпытастарда адамдардың 1949, 1950 және 1965 жылдары жерленгені көрсетілген. Құлпытастардағы жазбаларға қарағанда, жерленгендердің көпшілігі Таз руынан екені байқалады.
Қорым Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа ұқсас нысаннан аса алыс емес жерде орналасқан.
Бейнежазба астындағы пікірлерде қолданушылардың басым бөлігі адам сүйектерін қайта жерлеу қажеттігін жазған. Сонымен қатар, кейбірі қала аумағындағы өзге жерлерде де осындай жағдайлар кездесетінін атап өткен. Мәселен, пікірлердің бірінде: «Жұлдыз-2-де де шашылып жатыр», – деп жазылған.
Көне зираттың жағдайына нақты қай ұйым жауапты екені белгісіз.
Айнұр САПАРОВА
Видео: @atyrau_kraevedenie
В Атырау -10