Атырау, 22 сәуір 20:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19

Атыраудағы орталық көпірдің баспалдағы опырылып қалған

Бейнежазба
110 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Бұл видеоны «АЖ» редакциясына қала тұрғыны жолдады.

Ролик авторының айтуынша, мұнайлы өңір үшін мұндай инфрақұрылымдық жағдай түсініксіз. Оның сөзінше, бұл – тұрғындар алдында да, қала қонақтары алдында да ұят жағдай. «Ақ Жайық» редакциясы бұл пікірмен толық келіседі.

Біз түсініктеме алу үшін қалалық әкімдікке жүгіндік.

Әкімдікте хабарлағандай, көпір Абай көшесінің орташа жөндеу жобасына кіреді. Жоба аясында көпірдегі жол жабынының тозған ескі қабаты қырылып, оның орнына жаңа асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған түсіп-шығу сатылары да ретке келтіріледі. 

Жөндеу жұмыстарының барысына қарай көпірдің жабылу уақыты қосымша хабарланатыны айтылды.

Мердігер мекеме – «КазСервисГрупп» ЖШС. Жалпы бөлінген қаржы көлемі 1, 027 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі күнге дейін оның 45,7 млн теңгесі игеріліп, қалған 981,3 млн теңгесі алдағы жұмыстарға бағытталған.

Әкімдік жоба бойынша Абай көшесінің 1 шақырымы орташа жөндеуден өтетінін нақтылады.

Қазір жөндеу тек жоспар деңгейінде, ал көпірдегі баспалдақ оған жетпей сыр берді.

Абай болыңыз.

Айнұр САПАРОВА

Атырау тұрғыны жолдаған видео 

Бүгін, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.