
Санитариялық бақылау мамандары бұл аурудың жоғары жұқпалы санатқа жатпайтынын айтып, сабырға шақырса да, оқушылардың ата-аналары дабыл қағып, инфекция тарап кете ме деп қауіптеніп, балаларын үйлеріне алып кете бастады.
Құлсары қаласындағы №6 орта мектептің 4 «А» сыныбы 21 сәуірде онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл жағдайға алаңдаған ата-аналар «АЖ» редакциясына хабарласты.
- Жұқпалы ауру шығып жатыр дейді. Осыған байланысты балаларымызды мектепке жіберуге қорқып отырмыз. Кейбір ата-аналар осындай әрекетке көшкен, дезинфекцияны тек бір күн жасаған, ол не болады?! Қазіргі балалар әлсіз, ауру шығып кетсе қайтеміз?-дейді ата-аналар.
Алғашқыда 22 сәуірден бастап оқу оффлайн форматқа көшеді дегенмен, артынша мектеп директорының міндетін атқарушы М. Иманқұлова азуалды нақтылады.
Оның айтуынша, "4 "А" сыныбының бір оқушысынан "поверхностная микроспория волосиситой части голова" дерті тіркелген. Сынып дереу 24 сәуірге дейін онлайн форматқа көшірілген.
Сол күні бірінші аусымдағы барлық сыныптар 3-ші сабақтан соң сағат 10.35-те таратылып, оқу кабинеттері, дәліздер, әжетханалар, киім ілу бөлмесі, мектептің барлық бөліктеріне аудандық санитарлық эпидеомологиялық бөлім мамандары тарапынан дезинфекция жұмыстары жүргізілген.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары бұл жағдайда дүрбелеңге салынбауға шақырады. Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хабибуллиннің айтуынша, бұл ауру жоғары жұқпалы санатқа жатпайды.
«АЖ» анықтамасы:
Микроспория - дене мен шаш терісін зақымдайтын грибокты аурушаңдық. Сыртқы белгілеріне қарай микроспорияны теміреткі деп атайды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -10