
Бұл қызметтерге қатысты келісімшартты қалалық ТКШ бөлімі “AG Disinfection Services” ЖШС‑мен жасасқан.
Жұмыстар 31 мамырға дейін жоспарланған. Қаражаттың бір бөлігі мердігерге аударылған: 17 сәуірде компания 8 млн 235 мың теңге алған. Бұл сома мемлекеттік сатып алулар порталындағы электронды актілерде көрсетілген.
Қызмет қаңғыбас иттерді ұстауды және жоюды қамтиды. Мердігер ұйымның басшысы – Айжан Оразова.
Тендер процесі шамамен үш айға созылған: конкурс 1 қаңтарда жарияланып, құжаттама 9 ақпанда жүктелген, ал оған өзгерістер наурыз айына дейін енгізіліп отырған.
Салыстыру үшін: өткен жылы Атырауда қаңғыбас жануарларды ұстау және олардың санын реттеуге 129 млн 100 мың теңге бөлінген, бұл қаражат толық игерілген.
Ресми мәліметке сәйкес, бір жыл ішінде қалада 9 335 қаңғыбас ит ұсталған. Оның ішінде 8 912-сі тұрғындардың шағымдары мен мамандардың қорытындылары негізінде қауіпті деп танылып, жойылған.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -10