
Моңғолия Қазақстаннан шамамен 6,7 млн доллар сомасына вагондар сатып алады, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы Мұрат Кәрімсақов хабарлағандай, вагондарды жеткізуші ретінде Атырау вагон жасау зауыты танылмақ. Оның айтуынша, вагондарды сатып алу туралы келісімге Қазақстан-Моңғолия бизнес-форумының қорытындысы бойынша қол қою жоспарланған.
«Бүгін Атырау вагон жасау зауытының вагондарын сатып алу бойынша келісімге қол қойылады. Жеткізілім көлемі — шамамен 6,7 миллион доллар. Уақыт өте келе жеткізілім көлемі ұлғаяды деп ойлаймын», — деді Кәрімсақов.
Ол Қазақстанның Моңғолияға қазірдің өзінде электроника, азық-түлік, металлургия өнімдерін, құрылыс материалдары мен астық жеткізіп жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Моңғолия Қазақстанға былғары бұйымдары мен көкөністерді, соның ішінде картопты экспорттайды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 7%-ға өсіп, шамамен 140 млн долларға жетті. Қазақстанның Моңғолия экономикасына салған тікелей инвестицияларының көлемі 50 млн долларды құрады. Моңғолияның Қазақстанға салған инвестициясы 7 млн долларға жетті.
В Атырау -10