Атырау, 21 сәуір 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24

​​Атырау облысында прокуратураның көмегімен жарналар қайтарылды

111 рет қаралды

Махамбет аудандық прокуратурасы еңбек және зейнетақы заңнамасының бұзылуы салдарынан 423 азаматтың құқықтары бұзылғанын анықтады.

Орталық аудандық аурухананың лауазымды тұлғалары 338 қызметкерге 29 млн теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды төлемеген. Прокуратураның араласуынан кейін заң бұзушылықтар жойылып, міндетті жарналар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылды.

Сондай-ақ «Махамбет Су» КММ-де 85 қызметкерге қатысты 21 млн теңге көлемінде жарналар төленбегені белгілі болды.

Қадағалау актілері бойынша аталған мекемелердің директорлары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды басты міндет ретінде атап өтті.

Бүгін, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.