AZATTYQ.ORG «Еуразия Одағының үнсіз құрылған “үкіметі”» - Мәскеуде орналасқан Еуразиялық экономикалық комиссияда қазақстандық үш министр қызмет атқарып отыр. Олардың ішінде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Даниал Ахметов те бар.
«”Ходорковский ісі” екпіні Қазақстанға да жетті» - Қазақстан азаматтары ресейлік тергеушілердің Мәскеудегі аудандық сот қаулысы бойынша Алматыда тінту жүргізгеніне наразы болды.
ZHASALASH.KZ «Бiр тықыр таяп келедi» - Тоқаев пен Мәмидiң оралуы осының айғағы емес пе?
«“Дипломат-саудагерлер”» - Франкфурттегi бас консулдың әрекетiн Ыдырысов “соңғы масқарашылық” деп атады. Ыдырысовтың сөзiне қарағанда, “саудагер-дипломаттарды” елшiлiктерден аластату тез арада бола қоймайтын шаруаға ұқсайды. Ендеше, “соңғы масқарашылық” бұл емес...
«Испандық экологтар қазақ президентiнiң үйiне шүйлiктi» - Испаниядағы экологтар Льорет-де-Марда салынып жатқан үйдiң құрылысын тоқтатуды талап етiп, сотқа шағым түсiрдi.
«Әскери келiсiмшарт – келешектiң кепiлi» - Келiсiмшартпен әскери қызмет ету дамыған елдердiң көпшiлiгiнде бар.
ABAI.KZ. «Қоқыс басқан "Күлтөбе"» - Әкім-қарарлар мен жуанқарын уәзірлер Есілдің сол жағалауында тағы тоғысты... Есеп берген болды, ескерген сыңай танытты, ақыры, есінеп-есінеп үйлеріне қайттты...
«”Қытай ғажайыбынан” Қазақстан қандай сабақ алуы тиіс?» - Биыл Қытай Халық Республикасының (ҚХР) төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Қазақстанға ресми сапар жасап, екі ел арасындағы жан-жақты әріптестікті дамытуға бағытталған келіссөздер жүргізді. Қазақстан мен ҚХР өзара сауда көлемін 2015 жылы 40 млрд. АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр.