Атырау, 20 сәуір 20:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15

Мигранттар легі Атырау ХҚКО-да ұзын-сонар кезек тудырды

Бейнежазба
120 рет қаралды

Қызметтердің бір бөлігі онлайн форматқа көшірілгенімен, келушілер легі азайған жоқ. Керісінше, көп адам тікелей орталықта құжат рәсімдеуді және электронды цифрлық қолтаңба алуды жөн көреді.

Оқырмандарымыздың бірі Амандосов көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезек тізіліп, қолайсыздық туындағанын хабарлап, редакцияға фото, видео жіберді.

«Пандемия кезінде адамдар бір-біріне тығыз жақындамау керек деп қатаң тәртіп болды ғой, қазір не, бәрі ұмыт қалды ма? Ал біреу жұқпалы аурумен ауырса, қалай сақтанамыз?» – деп, ол ұйымдастырушылық жұмысты сынға алды.

«Екі-ақ маман қабылдап жатыр, қызмет алып үлгереміз бе?» – дейді Бауыржан есімді оқырман.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ бақылау және сапа басқармасының басшысы Ақкенже Исатай кезектің бар екенін растап, мұндай жағдай 13 сәуірден бері байқалып отырғанын айтты.

Дәл осы күннен бастап елімізде еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және оны ұзарту қызметі онлайн форматқа көшті. Қызмет migration.enbek.kz арқылы рәсімделеді.

– Онлайн жасай алмаған соң, адамдар көмек сұрап келіп жатыр. Электронды цифрлық қолтаңба алады, содан кейін қызметті сайт арқылы өздері рәсімдейді, – деді А. Исатай.

Оған қоса, қазір наурыз айының ортасынан бастап еңбек мигранттары Атырауға ағылатын кезең екенін мамандар атап өтті.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.