Атырау, 20 сәуір 13:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15

Құрманғазы ауданында киіктер жаппай қырылуда: 800-ден астам өлексе жиналды​

106 рет қаралды

Киіктердің өлімі Азғыр өңірінде көптеп кездесуде. Жергілікті шаруа қожалықтары киіктердің өлімі кене шағудан болуы мүмкін дейді.

"Далалықта киіктердің өлексесінен аяқ жүре алмайсың. Оны өртеп көмбесе ауру тудыруы мүмкін, төрт түлікке зияны тие ме деп қорқып отырмыз", -дейді шаруагерлер. 

Бүгінгі мәлімет бойынша, далалықтан 803 киік жиналып, «Охотзоопром», Ақжайық резерваты, инспекция және атқарушы органдар бірігіп шарасы алынуда. Өлекселерді өртеп көміп жатыр. 

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы киіктердің өлімін кене шағудан болуы мүмкін екенін жоққа шығарады.

- «Киіктер кене шаққаннан өліп жатқан жоқ, ол табиғи өлім. Яғни, қыстан әлсіз шығуы мүмкін, жалпы киіктердің өмір сүру ұзақтығы 7-8 жыл», - дейді аумақтық инспекцияның бас маманы Мереке Шалхаров.

Жалпы Батыс Қазақстан облысынан Құрманғазы ауданы аумағына 800 киік өтіп, біразы Ресейге асқан. Аумақта шамамен 15 мың киік бар көрінеді. 

Саны көп болғандықтан, жүздеген киіктің өлуін мамандар табиғи жағдай деп есептеп отыр. Ал жергілікті халық мұны қауіпті құбылыс ретінде қабылдап отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.