Атырау, 21 сәуір 13:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24

Атырауда ескі балабақшаларды жаңғырту жұмыстары басталды

333 рет қаралды

Атырауда үш балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қаладағы №48, №28 және №3 бөбекжай балабақшаларында құрылыс жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізілуде. Нысандарды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жөндеу аяқталғаннан кейін балабақшалардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи талаптарға сай білім беру ортасы қалыптасады деп күтілуде.

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова: 

– Құрылыс жұмыстарының сапасы ерекше бақылауда. Бұған дейін жүргізілген жөндеу жұмыстарын қатаң қадағалаймыз. Техникалық қадағалаушылар да сапаға баса мән беріп отыр. Бүгінде балабақша тәрбиеленушілері жақын маңдағы мектепке дейінгі ұйымдарға уақытша ауыстырылды. Ал педагог қызметкерлер еңбек заңнамасына сәйкес толықтай жұмыспен қамтылды, – деді.

17 сәуір, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.