Атырау, 21 сәуір 13:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24

Атырауда 12 шақырымнан астам жылу желісі жөнделмек

344 рет қаралды

Атырауда биылғы жылыту маусымы апатсыз аяқталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы «Атырау жылу жүйесі» ЖШС директорының орынбасары Жұмахмет Елемесов мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылы қалада 16 шақырымнан астам ескі жылу құбырлары ауыстырылып, жүйелер жаңартылған. Соның нәтижесінде қыс мезгілі тұрақты режимде өтті.

Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Жоспарға сәйкес:

  • 12 шақырымнан астам жылу желісі жөнделмек;
  • оның ішінде 9,49 шақырымы күрделі жөндеуден өтеді;
  • инвестициялық бағдарлама аясында қосымша 2,78 шақырым желі жаңғыртылады.

Жұмахмет Елемесовтің айтуынша, негізінен құбырлар ауыстырылып, жылу оқшаулау жүйесі жаңартылады. Бұған қоса, жаз айларында қаладағы 55 жылу пунктіне толық тексеру және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

17 сәуір, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.