
ІІМ Атырауда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
9 сәуір күні Атырау облысында полиция қызметкерлері түйе ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірді. Тергеу барысында олардың әдейі дала аймақтарына шығып, еркін жайылып жүрген малды бақылап, түнгі уақытта айдап әкетіп, жүк көлігімен Маңғыстау облысына жеткізіп, кейін сатуды көздегені анықталды.
Қазіргі уақытта топтың ондаған бас мал ұрлығына қатысы дәлелденді. Келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асты. Ұрланған малдың едәуір бөлігі тәркіленіп, сатылуына жол берілмеді. Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды.
ІІМ «Заң және тәртіп» қағидаты аясында мал ұрлығын анықтау және оның жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді. Министрдің тапсырмасына сәйкес, мұндай қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылдануда.
Еске салсақ, мал ұрлығы үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алдын алу мақсатында ІІМ мал иелеріне үй жануарларын есепке алуды, оның ішінде чиптеуді қамтамасыз етуді және қараусыз қалдырмауды ұсынады.
В Атырау -10