Атырау, 18 сәуір 14:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15

Көшуге субсидия және тұрғын үй көмегі: ​Атырау облысында қандастарға арналған квота артты

214 рет қаралды

Атырау облысында қандастарды қабылдау квотасы артты. Биыл өңірге қоныс аударатын қандастар үшін 125 квота бөлінді. 

Сәуір айына дейін көшіп келген 15 отбасының 47 мүшесі квотаға енгізіліп, мемлекеттік қолдау көрсетілуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы облысқа 62 отбасы, жалпы 100 адам қоныс аударған. Этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Ресей және Түрікменстаннан келген. Олардың 99-ы Атырау қаласына, біреуі Құлсары қаласына орналасқан.

«Мемлекет тарапынан әр отбасыға көшуге арналған біржолғы субсидия беріліп, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызмет шығындары 12 айға дейін өтеледі. Сондай-ақ бірқатар отбасыға тұрғын үй құнының 50 пайызына дейін қаржылай көмек қарастырылған. Жыл қорытындысында бөлінген қаражат толық игерілді. Қазір 21 отбасыға коммуналдық төлемдердің қалған бөлігі төленуде», – деді Атырау облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығының басшысы Мереке Есқалиев.

Мамандардың айтуынша, қандас мәртебесін алған азаматтар өңірлік квотаға Migration.enbek.kz порталы, электрондық үкімет жүйесі немесе «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы онлайн өтініш бере алады.


16 сәуір, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.