
Энергетика министрлігінде Актөбе облысындағы «Северный-1» жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша келісімшартқа қол қою рәсімі өтті.
Құжатқа Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, «QazaqGaz» басқарма төрағасының орынбасары Асылжан Даулетов және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» бас директоры Жу Шитао қол қойды.
Келісімшарт аясында 2D және 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз және тәуелді іздеу ұңғымаларын бұрғылау көзделген. Геологиялық барлау жұмыстарына салынатын жалпы инвестиция көлемі 3,5 млрд теңгені құрайды.
Келісімшарт геологиялық барлау жұмыстарын кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Учаске көмірсутек қорларының жаңа көздерін анықтау тұрғысынан жоғары әлеуетке ие.
Бұл келісім мемлекетаралық экономикалық өзара іс-қимылдың бірізді дамуын көрсетеді және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен кеңейтуге тараптардың өзара мүдделілігін растайды.
Бұған дейін Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) делегациясының Қазақстанға сапары аясында CNPC төрағасы Дай Хоулянның басшылығымен делегация Ақтөбе облысындағы «Солтүстік-1» учаскесінде пайдалы қазбаларды пайдалану жобасы бойынша «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен «CNPC-Актобемунайгаз» АҚ арасында ынтымақтастық туралы шеңберлік келісімге қол қою рәсімі өтті.
В Атырау -10