Атырау, 15 сәуір 02:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 476.97
€ 562.59
₽ 6.27

Атырауда 2 млрд 395 млн теңгеге​ Гагарин көшесін жөндеу жұмыстары екінші жылға жалғасуда

124 рет қаралды

Жоспарланған 1,8 шақырым жолдың бүгінгі күнге дейін 800 метрдейі ғана аяқталған.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қозғалыстың әлі де қолайсыз екенін айтып шағымдануда. Тротуарлар салынбаған, кей жерлерде құрылыс топырағы жатыр, техника жұмыссыз тұр. Соның салдарынан көлік жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де жүру қиындап, қолайсыздық туғызуда.

Екінші жыл болды, бәрі қазылып қалған. Дұрыс жүріп‑тұру мүмкін емес. Шаң көтеріліп, балшық болып, техника қаңтарылып тұр, ал жұмыстың қашан аяқталатыны белгісіз, — дейді тұрғындар.

Қала әкімдігінде хабарланғандай, реконструкция жобасы әлі де түзету кезеңінде тұр. Мердігер ұйым — «АтырауИнжСтрой» ЖШС.

Жобаның бастапқы құны — 2 млрд 395 млн теңге. Соңғы деректерге сәйкес, оның ішінде 512 млн теңге игерілген, ал қалған 1 млрд 883 млн теңге әлі пайдаланылмаған.

Тұрғындар қаржыландырудың жеткілікті болуына қарамастан, жұмыстардың өте баяу жүріп жатқанын түсінбей дал.

Қауіпсіздік мәселесі де алаңдатуда: абаттандырылған тротуарлардың жоқтығы жаяу жүргіншілер үшін, әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін, үлкен қауіп төндіреді.

Жөндеу жұмыстарының нақты аяқталу мерзімін билік әзірге атаған жоқ.

Айгүл МАНСУРОВА

Кеше, 22:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.