Атырау, 14 сәуір 20:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.90
€ 555.30
₽ 6.24

NCOC менеджерін өлтірген қылмыскер әлі күнге дейін Атырау тергеу изоляторында отыр

140 рет қаралды

«Француз кварталы» тұрғын үй кешенінде 46 жастағы Бибігүл Шпанованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Арман Жетпісов әлі күнге дейін этапталмаған.

Қылмыс қоғамда кең резонанс тудырды. Тергеу деректеріне сәйкес, ер адам алкогольдік мас күйінде пәтерге кіріп, жүкті болған NCOC менеджерін қатыгездікпен өлтірген. Ол әйелге көптеген пышақ жарақатын салғаннан кейін зорлық жасап, ақша мен әшекей бұйымдарды ұрлап, көлігін айдап кеткен.

Кейін күдікті Маңғыстау облысы аумағында ұсталды. 

Сот Жетпісовты кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Қаңтар айында ол үкімді қайта қарауды талап еткен, алайда сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енгеніне қарамастан, сотталушы бүгінгі күнге дейін өмір бойына жазасын өтеушілерге арналған мекемеге этапталмаған.

«Сотталғанға қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланынан арнайы қарауыл бөлуге өтінім жолданды. Қазіргі уақытта оны жазасын өтеуге арналған мекемеге этаптау үшін қарауылдың келуі күтілуде», — деп хабарлады Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Азамат Ізтілеуов.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.