
ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында отын-энергетика кешенінің ағымдағы жай-күйі туралы баяндады.
Оның айтуынша, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 19,7 млн.тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80,2%-ды құрағанын атап өтті.
Қарашығанақта мұнай өндіруді жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру үшін шикі газды кері айдайтын 6-шы компрессорды іске қосу жұмыстары жалғасуда. Ірі жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндіруді ұлғайту жөніндегі шаралар туралы келіссөздер жүргізілуде. 3 айдағы мұнай экспорты 15,3 млн тоннаны немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,5%-ды құрады. 2026 жылға болжам – 76 млн тонна.
Министр сондай-ақ жыл басынан бері 13,6 млрд текше метр газ немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,9% өндірілгенін айтты. 2026 жылға болжам – 62,7 млрд текше метр.
«Газ саласының ұзақ мерзімді ресурстық базасын нығайту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп 2035 жылға дейін елімізде көмірсутектердің жаңа перспективалы кен орындарын игеру жоспарын жүзеге асыруда, оған сәйкес осы жылдың соңына дейін Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын МӨЗ құрылысын аяқтау жоспарланып отыр», — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында 2026 жылдың үш айындағы мұнай және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі туралы баяндады. Есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3,67 млн тоннаны немесе 2025 жылғы фактімен салыстырғанда 98,9%-ды құрады. 2026 жылға болжам – 15,5 млн тонна.
«Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша қуаттылығы 10 млн тонна болатын жаңа МӨЗ салу жобасын жедел жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдануда»,— деді Ерлан Ақкенженов.
Ведомствоның мәліметінше, ПМХЗ-ны 5,5-тен 9 млн тоннаға дейін, ПКОП-ты 6-дан 12 млн тоннаға дейін, АМӨЗ-ді 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың бірінші тоқсанында мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 134 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,1%-ды құрады. Министрлік «ҚазМұнайГаз» АҚ және КРІ-мен бірлесіп биыл полипропилен өндірісінің көлемін 450 мың тоннаға дейін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізуде. 2026 жылға болжам – 580 мың тонна.
В Атырау -10