Атырау, 14 сәуір 16:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.90
€ 555.30
₽ 6.24

Прокуратура мен ҚМА-ның бұрынғы қызметкері «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-н басқарады

109 рет қаралды

«Karabatan Utility Solutions» (KUS) ЖШС Басқарма төрағасы болып Ренат Нүкежанов тағайындалды. Жаңа кадрлық шешім туралы 14 сәуірде белгілі болды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Ренат Нүкежановтың екі жоғары білімі бар: 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірсе, 2012 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да заңгер дипломын алған.

Еңбек жолы құқық қорғау органдары мен квазимемлекеттік секторды қамтиды:

  • 2018–2019 жылдары: Алматы қаласы прокуратурасында басқарма бастығының орынбасары;

  • 2019 жылы: Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі;

  • 2021–2023 жылдары: Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде (Қаржылық мониторинг агенттігі) қызмет атқарды;

  • 2023–2024 жылдары: «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-де департамент директоры.

2024 жылдың ақпан айынан бастап ол активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды, ал сол жылдың сәуір айында «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма құрамына кірді.

Анықтама: «Karabatan Utility Solutions» ЖШС — «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-нің еншілес ұйымы. Компания Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағындағы инфрақұрылымдық нысандардың операторы болып табылады.

Бүгін, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.