
Атырауда жас каратистер арасында «Есірткіге жол жоқ» ұранымен марафон өтті.
Шараны облыстық киокушинкай каратэ-до ұлттық федерациясы ұйымдастырды.
Мақсат – жастардың есірткіге қарсы тұрақты көзқарасын қалыптастыру, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.
Марафонға 10–18 жас аралығындағы 300-ге жуық жас спортшы қатысты. Олар белгіленген қашықтықты еңсеріп, төзімділік пен жігерлілігін көрсетті. Сонымен қатар, алаңда каратистердің шеберлігін паш еткен көрсетілімдер өтті.
Іс-шара барысында Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы басқармасы қызметкерлері мен профилактика кеңесінің мүшелері жастарға есірткінің зияны мен заңдық салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылар мұндай акциялар жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға және құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал ететінін атап өтті.
В Атырау -10