Атырау, 6 мамыр 19:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15

Атыраулық полиция қызметкері Әлем кубогінде алтын алды

Бейнежазба
334 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Атырау облысының полиция қызметкері кикбоксингтен Әлем кубогінде жеңімпаз атанды.

Жарыс 7–12 сәуір аралығында Тайландтың Бангкок қаласында өтіп, әлемнің әр түкпірінен келген 200-ге жуық спортшы қатысқан. 

Олардың қатарында Атырау облысының намысын қорғаған полиция қызметкерлері бар.

Байрақты додада капитан Гүлбану Саматова қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, бірінші орынға ие болды.

Полиция департаменті бұл жетістікті құқық қорғау органдарының беделін арттыруға қосқан маңызды үлес деп бағалады.

Ведомство өкілдері Саматованың қызмет пен спортты қатар алып жүріп, тәртіптілік пен табандылықтың үлгісін көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

13 сәуір, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.