
Индер ауданындағы Атырау – Орал тас жолының учаскесінде түсірілген фото және видеоматериалдар жарияланғаннан кейін, жағдайға «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның Атырау облыстық филиалы түсініктеме берді.
Бұған дейін жүргізушілер Елтай мен Ынтымақ ауылдарының арасындағы жолда шұңқырларды топырақпен тегістеу үшін жол техникасы қолданылып жатқанын хабарлаған еді. Олардың айтуынша, жолда тастар шашылып жатыр, ал көліктер өткен кезде қалың шаң көтеріліп, көріну мүмкіндігі күрт төмендейді.
"ҚазАвтоЖол" АҚ Атырау облысы филиалының бастығы Ардақ Қайреденов шұңқырларға топырақ төгіліп жатыр деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
- "Атырау-Орал" жолында шұңқырларды топырақпен жабу жұмыстары жасалып жатқан жоқ. "ҚАЖсервис" мекемесі күтіп-ұстау жұмыстары шеңберінде, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мүмкіндігінше шұңқырларға асфалт "пучина" шыққан жерлерге уақытша шара ретінде автогрейдермен қырып, тегістеп жатыр. Бұл уақытша шара, орташа жөндеу жұмыстары басталғаншағы іс. «Пучина» - жол жабындысы астындағы топырақ қабатының тым ылғалдануы салдарынан қыста мұз қатып, көктемде еріп, жарамсыз жағдайға жетуі. Жөндеу жұмыстары кезінде ол топырақ түгелімен ауыстырылады. Сметада қарастырылуда, - деп хабарлады ол.
Оның айтуынша, сөз болып отырған бөлік трассаның 95-тен 189-шы шақырымына дейінгі аралығы
Ол жалпы орташа жөндеу жұмыстары бойынша конкурстық рәсімдер жүріп жатқанын, хаттама шыққанын хабарлады. Дүйсенбі күні нақты мердігер анықталып, кейін келісім шарт жасақталады.
Жалпы қаржы сомасы 26 млрд 800 млн теңге.
Бұдан басқа, 5-95 км арадлығында сметалық құжаттамалар жасақталып жатыр, ведоммтволық сараптамадан өткесін конкурс жарияланады, болжаиды сомасы 20-24млрд теңге.
UPD:
Кейін редакцияға жол қызметінің ресми қызметтік анықтамасы келіп түсті. Құжатта көрсетілгендей, 95–189 шақырым аралығында автогрейдер көмегімен жолдағы қатпарларды қыру және ісінген учаскелерді тегістеу жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыстарда ешқандай қосымша материал қолданылмаған.
Анықтамаға сәйкес, мұндай шаралар жолда пайда болған терең ойықтар мен ісінетін жерлердің салдарынан орын алған. Олар көлік қозғалысына қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына және автокөліктердің зақымдануына әкелуі мүмкін. Бұған дейін осы учаскеде бамперлердің, дөңгелектердің және қозғалтқыш картерлерінің бүліну жағдайлары тіркелген.
Жолға уақытша «Ойлы-қырлы жол» және «Ұсынылатын қозғалыс жылдамдығы» белгілері орнатылған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -10