
Атырауға ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік департаментінен арнайы тексерушілер келді. «Ақ Жайық» дереккөздері хабарлағандай, осы тексерістен кейін облыстық полиция департаментінің бірнеше бөлім басшысы орындарынан босатылған.
Олардың ақпараты бойынша, жұмыстан кеткендердің арасында Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы, облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы бар.
Дереккөздердің айтуынша, бұл кадрлық өзгерістер есірткімен күрес бөлімдеріндегі заң бұзушылықтарға байланысты болуы мүмкін. Құқық қорғау саласында кейбір қызметкерлердің есірткі айналымына қатысы бар және қарауындағы қызметкерлерден ақша бопсалаған деген болжам айтылуда.
Тексеру жұмыстары сонымен қатар полиция департаментінің кадр бөлімі мен ішкі қауіпсіздік басқармасын да қамтыған көрінеді. Жалпы алғанда 5-6 басшы маман қызметінен айырылуы мүмкін.
Болжам бойынша, тексеру шаралары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты өкілдерімен бірлесіп өткізілген.
Қазіргі уақытта бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге жағдайды түсіндірмеді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -10