Атырау, 25 мамыр 12:56
 дождьВ Атырау +29.3
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60

Атырауда есірткі жарнамасы бар 40-қа жуық граффити жойылды

Бейнежазба
519 рет қаралды

Атырау қаласында есірткі құралдарын жарнамалайтын заңсыз жазуларды анықтау және жою жұмыстары жалғасуда.

Бұл шараға облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, профилактика кеңесінің мүшелері, бұрын есірткі бабымен сотталғандар және «Жастар рухы» жастар ұйымы қатысуда.

Жыл басынан бері жүргізілген рейдтердің нәтижесінде қала аумағында 40-қа жуық граффити жойылды. Мұндай жұмыстар қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Тәртіп сақшылары тұрғындардан есірткі жарнамасына куә болған жағдайда дереу 102 нөміріне немесе 98-21-55 сенім телефонына хабарласуды сұрайды.


10 сәуір, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.