Атырау, 10 сәуір 17:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

Атырауда шегірткеге қарсы улау жұмыстары жүргізілмек

84 рет қаралды

Биыл үйірлі шегірткелерге қарсы күрес шаралары облыстың бес ауданында жүргізіледі. 

Ең көп өңделетін аумақтар – Қызылқоға (42 мың га) және Құрманғазы (26,7 мың га) аудандары. Науқан мамыр–маусым айларына жоспарланған, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алқаптарды улау жұмыстары жер үсті әдісімен «Бағжан» компаниясына, ал әуе арқылы өңдеу «AVIASILS» мердігеріне жүктелді.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 35,8 мың гектар аумақта саяқ шегірткелерге қарсы дезинсекция жүргізіледі. Бұл бағытта «Pest Mosq treatment» ЖШС қызмет көрсетеді.

 Шаралар ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғап, өнімнің сақталуына ықпал етуге бағытталған.

Бүгін, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.