Атырау, 10 сәуір 17:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

Конго-Қырым қызбасы: алдын алу шаралары

87 рет қаралды

Қазақстанның оңтүстік өңірлері – Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары болып саналады. Бұл аса қауіпті вирустық ауру адамға көбіне кененің шағуы немесе жұқтырған жануардың қанымен байланыс кезінде жұғады.

Аурудың жасырын кезеңі 2–14 күнге дейін созылады. Ол кенеттен басталып, дене қызуының 39–40 градусқа дейін көтерілуімен, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік, бұлшықет пен буындардың ауыруымен сипатталады. Кейіннен қан кетулер пайда болуы мүмкін. Қазіргі уақытта КҚГҚ-ға қарсы вакцина жоқ, ал өлім көрсеткіші медициналық көмек көрсетілгеннің өзінде 30%-ға дейін жетеді.

Жұқтыру қаупі жоғары топтарға малшылар, шопандар, ветеринарлар және ауыл шаруашылығы жануарларын союмен айналысатындар жатады. Сондай-ақ эндемиялық аумақта кенемен байланысқа түскен кез келген адамда қауіп бар.

Алдын алу шаралары:

  • Табиғатқа шыққанда репелленттер қолдану;
  • Киімге жабысқан кенелерді дер кезінде анықтау үшін өзін-өзі және бірін-бірін тексеру;
  • Мал қырқу, сою кезінде қорғаныш киім мен қолғап пайдалану;
  • Қора-жай мен малды кенеге қарсы өңдеу жүргізу.

Денсаулық сақтау министрлігі кене шаққан жағдайда өз бетінше әрекет етпей, дереу медициналық мекемеге жүгінуді ескертеді. Қарапайым қағидаларды сақтау өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың ең тиімді жолы.

Бүгін, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.