
Қ. Сәтпаев даңғылы бойындағы жасыл аймақта орнатылған биодәретхана әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды.
Қала тұрғындары биодәретхананың ашық жерде, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге анық көрінетін орында тұрғанына назар аударды. Кейбір желі қолданушылары мұны мысқылмен қабылдап:
«Бұл енді жаңа деңгейдегі абаттандыру ма? Дәретхана қаланың қақ ортасында, көшенің дәл ортасына қойылған», – деп жазуда.
Қалалық әкімдік түсініктеме беріп, биодәретхана КДМС мекемесінің қызметкерлеріне арналғанын айтты.
«Бұл биодәретхана – Қ.Сәтпаев даңғылында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан 50 шақты қызметкер үшін қойылды», – делінген ресми хабарламада.
Дегенмен, тұрғындар арасында нысанның дәл осындай көзге көрінетін жерге қойылуы жөнінде сұрақтар әлі де бар.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -10